Денис Степанцев «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумында сөз сөйледі

31 қаңтарда Алматыда ЕАЭО елдері Премьер-Министрлерінің қатысуымен «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумы өтті.

«ЕАЭО сандық трансформация векторлары: 2020-2022» панельдік сессиясының спикері Денис Степанцев еуразиялық электрондық алаңдарды дамытудың қалаулы жолы туралы айтып берді:

"Бірыңғай еуразиялық алаң құру немесе ұлттық алаңдарды ықпалдастыру сияқты түрлі ұсыныстар келіп түсуде. Менің ойымша, екі ереже де даулы болып көрінеді. Мына пікірді айтайын.

Біз Қытайдың, Американың әлемдік технологиялық алыптарының дамуына қарауға тиіспіз. Жеке инновациялар, олардың қарқынды дамуы есебінен олар адамдардың өмірін жақсартып, сауда мен қаржы өнімдерін халықтың қалың жігіне қолжетімді етеді.

Өз мемлекеттерінің қолдауы есебінен технологиялық алыптар өз елдерінің басқа елдерге ықпалын экспорттай отырып, өз елдерінің шегінен тыс ауқымданады. Біз мұны Alibaba, Google, Amazon және т.б. мысалдардан көріп отырмыз. Тағы да қайталап айтамын, технологиялық алыптар, экожүйелер жеке бастамалар есебінен дамиды.

Біздің елдеріміздің негізгі міндеттері бар: 1) экономиканың өсуін қолдау; 2) елдің мүддесін сақтау. Бірақ бұл міндеттерді шешу үшін мемлекеттік күш-жігермен технологияны алмастыруға болмайды, керісінше жеке меншік технологиялардың дамып, сол арқылы платформалар (экожүйелер) бәсекеге қабілетті болуына ықпал ету қажет.

Біздің елдерімізде ұлттық чемпиондар бар. Бұл экожүйелер қарқынды дамып келеді, адамдардың өмірін жақсартады, өнімдер мен қаржыға қол жеткізуді жеңілдетеді, клиенттердің мүдделерін қорғайды және елдің бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді. Яғни өзіміздің құрылған экожүйелерімізді қолдау керек.

Егер мемлекет жеке секторды алмастыруға ұмтылса және жеке секторға қарағанда жақсы болса, бұл табысты даму фактісі болып табылмайды. Мемлекет тарапынан шектен тыс реттеу сияқты. Мысал ретінде бізде: Ресейдегі агрегаторлардың жауапкершілігі көптеген сот дауларына әкеп соқтырды, Беларусьте - интернет дүкендерді лицензиялаудың жасырын нысаны ретінде міндетті тіркеу, аталған елдерде тауарлардың белгілі бір түрлерін сату мүмкін емес және т.б.

Қазақстанға келер болсақ, қазіргі таңда бізде үлкен деректерді, биометрияны, дербес деректерді талдау үдерістерін реттеуге тырысу бар.

Мемлекеттік органдар бірдеңенің дамуы мен жұмыс істеуі үшін оны реттеудің қажеті жоқ екеніне назар аударыңыз, әсіресе ұлттық жеке технологиялық компанияларды қалыптастыру процесі жүріп жатқанда. Бизнес мемлекет аз жерде дамиды. Даму үшін либералды реттеу және мемлекеттің қолдауы (қорғау) қажет.

Олай болмаған жағдайда шетелдік технологиялық компаниялар келеді немесе қазірдің өзінде табалдырықта тұр, және біздің елдер мен біздің елдер халқының аталған шетелдік компанияларға тәуелділігі өсетін болады.

Мемлекеттік күш-жігер есебінен технологиялық серпілістер болып, ұзақ мерзімді перспективада елдердің бәсекеге қабілеттілігін күшейтетін мысалдар жоқ.

Нәтижесінде, егер біздің мемлекеттер тарапынан келтірілген үрдістер сақталса, шетелдік технологиялық компаниялар бұл күресте ұтады, ал біздің компаниялардың бәсекелестігі оларға нөлге тең болады".
Made on
Tilda