Mon Amie дүкендер желісі АЦК-ға енді

18 желтоқсанда «Сандық Қазақстан» қауымдастығына Mon Amie парфюмерлік-косметикалық дүкендер желісі қосылды.

Mon Amie компаниясы сұлулық сегментінде көшбасшы болып табылады. Олардың алғашқы дүкені 2006 жылы ашылды. Ол кезде бұл Қазақстандағы тауарға тікелей қолжетімділігі бар алғашқы парфюмерлік-косметикалық дүкен болатын. Кез келген сатып алушы сәндік косметиканы сынақтан өткізіп, лайықты хош иісті таңдап, арнайы оқытылған қызметкерлерден кәсіби кеңес ала алады.

2015 жылы Mon Amie «Үздік парфюмерлік-косметикалық дүкен» номинациясында ELLE атынан беделді әлемдік сыйлыққа ие болды. Сыйлық республика бойынша клиенттердің дауыс беру нәтижелері бойынша берілді.

Бүгінгі таңда желіде Қазақстанның 12 қаласында 29 дүкен, сондай-ақ Интернет-дүкен бар. Mon Amie-ді Алматының кез келген ауданында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Атырау, Өскемен, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Ақтау, Ақсай, Павлодар, Орал және Шымкентте табуға болады.

Компания үлкен ассортиментті - 60 мыңнан астам өнім түрін ұсынады, олардың ішінде масс-маркет сегменттерінде және Christian Dior, Guerlain, Givenchy, Kenzo, Estee Lauder және т.б. сияқты әлемге әйгілі брендтер бар.
Made on
Tilda