2019 жылғы 21 қарашада
Ресей-ЭЫДҰ орталығы РАНХиГС «Цифрлық Қазақстан» қауымдастығымен ынтымақтастық туралы келісім жасасты.
Ынтымақтастықтың мақсаты мынадай салаларда дамыту болып табылады:
- Сараптамалық және ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу
- Электрондық коммерцияны реттеу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, өзін-өзі реттеу стандарттары саласындағы заңнаманы жетілдіру (атап айтқанда, ЭЫДҰ стандарттарын ескере отырып)
- Халықаралық құқық және т.б.
- Келісім шеңберінде мынадай бағыттар бойынша өзара іс-қимыл жүзеге асырылатын болады:
- Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде бірлескен ұсыныстар дайындау;
- Бірлескен семинарлар, отырыстар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де ұқсас іс-шаралар өткізу;
- Валюталық және салықтық реттеу, сыртқы экономикалық қызметті басқару, корпоративтік құқық, бизнесті жауапты жүргізу мәселелері бойынша консультациялар мен түсіндірмелер ұйымдастыру;
- Талдау материалдарымен алмасу.