«Цифрлық Қазақстан қауымдастығы» ЗТБ Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінде аккредиттеу туралы куәлік алды.
Министрлікте аккредиттеуден өткен қауымдастық:
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын, халықаралық шарттарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларын дайындау мен ресімдеуге;
кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеу;
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
АКО біліктілік талаптарына толық сәйкес келеді және ҚР ИСМ министрінің бұйрығымен аккредиттелген.