2019 жылғы 3 қыркүйекте ҚР Сауда және интеграция министрлігінде Қоғамдық кеңес құрылды, оның өкілеттігіне мемлекеттік шешімдерді қабылдауға және орындауға қатысу кіреді:
- бюджеттік бағдарламалардың жобаларын талқылау
- сауда қызметіндегі сарапшылармен консультация
- Министрліктің стратегиялық жоспарларының орындалуына мониторинг
- НҚА жобаларын құру және талқылау
- ҚР заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және т.б.
Қоғамдық кеңестің төрағасы болып «Цифрлық Қазақстан» қауымдастығының атқарушы директоры Денис Степанцев сайланды.
Кеңес құрамына сондай-ақ:
- Сабильянов Нұртай Салихұлы (ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы);
- Романовская Светлана Юрьевна (Ұлттық тұтынушылар лигасы, Ұлттық медиаторлар палатасы);
- Жақыпбеков Темірлан Амантайұлы («ҚазАлкоТабак» Қазақстанның алкоголь және темекі өнімдерін адал өндірушілер, импорттаушылар және сатушылар қауымдастығы);
- Сұлтанов Руслан Серікұлы («ФармМедИндустрияҚазақстан» Қазақстанның фармацевтикалық және медициналық өнімдерін өндірушілер қауымдастығы);
- Манасбаева Бақыт Парланқызы (Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы);
- Телжанова Гүлжан Ғосманқызы (Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстандық авто-бизнес қауымдастығы);
- Жайлаубай Ерлан Дүйсенбекұлы (Қазақстан Республикасының Сауда желілері одағы);
- Қысықов Асқар Бауыржанұлы («Талап» қолданбалы зерттеулер орталығы);
- Шайманов Болат Ілтайұлы («Отан» ҚР тауар биржалары одағы).