«Сандық Қазақстан» қауымдастығы төрағасының кеңесшісі Елена Бычкова сауданың сандық экожүйесін қалыптастыру мәселелері бойынша пікірталасқа қатысты: кедергілерді жою және экспорт кезіндегі транзакциялық шығындарды қысқарту. Іс-шара Ташкентте өтті және оны Өзбекстан Сауда-өнеркәсіп палатасы USAID Competitiveness, Trade, and Jobs in Central Asia жобасымен бірлесіп ұйымдастырды.
Пікірталас барысында электрондық коммерция саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу мәселелері, тұтынушылар мен кәсіпкерлер үшін онлайн сауда алаңдарының қолжетімділігі, жергілікті алаңдарды қазіргі жаһандық сауда алаңдарымен интеграциялау және үйлестіру, шетелдік нарықтардағы бәсекелестік, экспорттық әлеует және жергілікті нарықтың бәсекеге қабілеттілігі, сондай-ақ экспорт кезіндегі кәсіпкерлер шығындарын оңтайландыру мәселелері талқыланды.
Елена Қазақстандағы e-commerce жетістіктері мен перспективалары туралы, сондай-ақ Қазақстанда бәсекеге қабілетті электрондық коммерция нарығын құруға бағытталған реттеушілер мен бизнес-қауымдастықтардың өзара іс-қимылының негіздері мен қағидаттары туралы ақпаратпен бөлісті.