2021 жылғы 3 маусымда Қазақстан Республикасы Әділет министрі Марат Бақытжанұлы Бекетаевтың Әділет министрлігінің Қоғамдық кеңесі алдындағы есебі тыңдалды.
Әділет министрі Министрліктің 2020 жылғы қызметінің қорытындылары туралы, сондай-ақ мемлекеттік органның 2021 жылға арналған міндеттері туралы егжей-тегжейлі баяндады.
Есепті кезеңде әзірленген және қабылданған заңдар азаматтардың құқықтарын қорғауға және мемлекеттің жекелеген институттарын дамытуға, оның ішінде қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын күшейтуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталғаны атап өтілді.
Министрдің есебінде құқықтық қатынастардың қоғамдық маңызды салаларын жетілдірудің заңнамалық шараларына және Министрліктің цифрландыру және автоматтандыру бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарының маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Көзі:
https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/...