Қауымдастық төрағасының кеңесшісі Елена Бычкова Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанындағы Цифрлық нарықтарда бәсекелестікті дамыту жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамына енді.
Сарапшылық кеңес - цифрлық нарықтарда адал бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін Агенттіктің жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган.
Сараптамалық кеңес:
- бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы заңнаманы, цифрлық нарықтардағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау және бағалау әдіснамасын жетілдіру бойынша;
- Қазақстан Республикасының салалық Заңдарына, цифрлық нарықтардың ұғымдық аппаратына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және цифрлық нарықтарға қатысушылардың қызметіне байланысты өзге де мәселелер бойынша;
- цифрлық нарықтарда бәсекелестікті қолдау және қорғау, оның ішінде кедергілерді жою мақсатында Агенттіктің қызметін жетілдіру туралы.