Цифрлық Қазақстан қауымдастығы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде аккредиттелген

2023 жылғы 17 ақпанда «Цифрлық Қазақстан қауымдастығы» ЗТБ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде аккредиттеу туралы куәлік алды.

Министрлік елдің цифрлық дамуы саласында, инновациялық қызмет, байланыс, мемлекеттік қызметтер көрсету, электрондық өнеркәсіп салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастырумен және іске асырумен айналысады, сондай-ақ электрондық үкіметті дамытумен, «Азаматтарға арналған үкімет» МК қызметін үйлестірумен, ақпараттық қауіпсіздік, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия және картография мәселелерімен айналысады.

Министрлікте аккредиттелген қауымдастық ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жанындағы Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес қызметінің шеңберінде жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізу құқығына ие болады.

АКО біліктілік талаптарына толық сәйкес келеді және Министрдің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 53/НҚ бұйрығымен аккредиттелген.
Made on
Tilda