Елена Бычкова қазақстандық делегацияның құрамында 7-9 наурызда БАӘ-нің Дубай қаласында өткен "Орталық Азиядағы электрондық коммерция әлеуетін күшейту ("Harnessing the potential of e-commerce in Central Asia") конференциясына қатысты.
Іс-шара Халықаралық сауда орталығы (International Trade Center) іске асырып жатқан Ready4Trade Central Asia жобасы аясында өтті. Конференцияға сондай-ақ: БАӘ-дегі Еуропалық Одақтың амбассадоры, БАӘ Мемлекеттік сыртқы сауда министрі, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің сауда саласындағы орталық мемлекеттік реттеуіштерінің басшылығы қатысты.
Елена Бычкова Қазақстандағы электрондық сауданың даму жағдайы туралы айтып берді, сондай-ақ е-коммерс саласын құқықтық реттеуді қалыптастыру бойынша кейбір ұсыныстарды ұсынды.
Конференцияға қатысушылар мемлекеттік-жекеменшік ынтымақтастықтың әлеуетті салаларын, сондай-ақ елдердің ұлттық саясатының негізгі бағыттарын және Орталық Азиядағы сауда ынтымақтастығын одан әрі нығайту және өңірлік деңгейде электрондық коммерцияны жаппай енгізу үшін ескерілуі тиіс ережелерді талқылады.
Екі күндік таныстыру туры барысында қатысушылар жергілікті фулфилмент орталықтарында болып, халықаралық ойыншылар мен Біріккен Араб Әмірліктерінің үздік электрондық коммерция тәжірибелерімен танысты.
Толығырақ:
https://intracen.org/news-and-events/news/building...