2023 жылы «Цифрлық Қазақстан» қауымдастығына келесі компаниялар мүше болды:
АЛСЕКО
«АЛСЕКО» АҚ - белсенді дамып келе жатқан IT-компания. Коммуналдық қызметтер саласындағы ақпараттық-есептеу орталығы
ROCKET FIRM
«Ракетная фирма» ЖШС - IT-outsourcing, цифрлық өнімдер, бизнесті автоматтандыру және no-code әзірлеу
KASPERSKY
«Kaspersky Lab KZ» ЖШС - «Касперский зертханасы» - 1997 жылдан бастап ақпараттық қауіпсіздік және цифрлық құпиялылық саласында жұмыс істейтін халықаралық компания
GLOVO
«Glovo Kazakhstan» ЖШС - Glovo жылдам жеткізу сервисі - 2015 жылы құрылған стартап, пайдаланушыларды тәуелсіз курьерлермен және сату нүктелерімен байланыстыратын интеграцияланған жылдам курьерлік жеткізілімі бар маркетплейс
JETPAY
«JetPay.kz» ЖШС - Электрондық төлем жүйесі. JetPay компаниясы төлемдер процессингін жүзеге асырады және аталған қызметті Қазақстанның электрондық коммерция нарығына ұсынады
VERIGRAM
«Вериграм» ЖШС - бейнелерді талдау үшін компьютерлік көру технологиясын пайдаланатын сервис. Verigram бет тану - бұл қашықтан тексеру үшін тұлғаны тану жүйесі