2024 жылғы 26 қаңтарда «Атамекен» ҰКП алаңында электрондық коммерция саласын құқықтық реттеу мәселелері талқыланды.
Талқылауға қойылған негізгі идея мен міндет - барлық мүдделі тұлғаларды тарта отырып, Қазақстандағы электрондық сауда мен коммерцияны дамыту жөніндегі нақты шаралар мен реттеу мәселелері жөніндегі пікірталастарды жетекші салалық алаңдарға шоғырландыру.
Пікірталасқа Парламент Мәжілісінің депутаттары, Вице-министр және Сауда және интеграция министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстанда қызмет ететін ірі электрондық коммерция компанияларының өкілдері, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалар қатысты.
Талқылау нәтижелері бойынша шешім қабылданды: электрондық сауданы дамыту жөніндегі ұсыныстарды «Атамекен» ҰКП Сауда комитеті шоғырландыруы және Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберілуі тиіс.
Кеңес хаттамасы